18.10.2016, 11:39
Оқылды: 25

Бастауыш партия ұйымдарының төрағалары есеп берді

Аудандық мәдениет үйінде жиын өтіп, онда Жәнібек ауылдық округі бойынша бастауыш партия ұйымының %d0%b1%d0%bf%d2%b1-%d1%82%d3%a9%d1%80%d0%b0%d2%93%d0%b0%d0%bb%d0%b0%d1%80%d1%8b
2014-2016 жылдары атқарған жұмысы туралы Жәнібек ауылдық округі әкімінің орынбасары Ғибрат Айтқалиев есеп берді. Басқосуға «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Асхат Молдағалиев және ұйым басшылары мен қызметкерлері, партия мүшелері қатысты.

Жиында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Молдағалиев партиялық кадр резерві жөнінде таныстырып өтті. Мұнан соң бастауыш партия ұйымы Бюросын сайлау өткізіліп, «Жұмаев» БПҰ-ның төрағасы болып Н.Мұстаев бірауыздан қайта сайланды. Жиналыс соңында «Нұр Отан» партиясының қатарына қабылданушы аудандық орталық аурухана директорының орынбасары Бірлес Ихсанов, дәрігерлер Айдын Ержанов, Бақыт Қанатов және тағы да басқа денсаулық сақтау саласының мамандарына куәлік табысталды.

Осындай жиналыс «БҚО өндірістік филиалы ҚазТрансГазАймақ» АҚ аудандық газ шаруашылығының ғимаратында оздырылып, онда «Акционерлік» бастауыш партия ұйымының төрағасы Рауль Өтемісов есеп берді.

Д.Оспан

www.zhaikpress.kz      

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале