17.10.2016, 17:55
Оқылды: 36

Бастауыш партия ұйымдарының төрағалары есеп берді

 %d0%b1%d0%b0%d1%81%d1%82%d0%b0%d1%83%d1%8b%d1%88-%d0%bf%d0%b0%d1%80%d1%82%d0%b8%d1%8f-%d2%b1%d0%b9%d1%8b%d0%bc%d0%b4%d0%b0%d1%80%d1%8b%d0%bd%d1%8b%d2%a3-%d1%82%d3%a9%d1%80%d0%b0%d2%93%d0%b0%d0%bb  Бүгін Жәнібек ауданындағы орталық ауруханада жиын өтіп, онда «Жұмаев» бастауыш партия ұйымының 2014-2016 жылдары атқарған жұмысы туралы аталған ұйым төрағасы Нұрлыбек Мұстаев есеп берді. Басқосуға «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Асхат Молдағалиев, филиал жанындағы саяси кеңес мүшесі Жақсылық Абдолов және аурухана қызметкерлері қатысты.

      «Жұмаев» БПҰ-ның төрағасы Н.Мұстаевтың баяндауынша, соңғы екі жылда «Нұр Отан» партиясының «Сәтті қадам» партиялық жобасы мен «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 12 жоғары және арнаулы орта білімі бар денсаулық сақтау саласының мамандары ауданымызға келіп, жұмысқа орналасқан. Үстіміздегі жылы аудандағы 12 сауда орындарынан 81 сынама Кеден Одағының техникалық регламенттеріне сай тексерістен өткен. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын күшейту мақсатында жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қаралып, басқарма мамандарының қызмет көрсету сапасын бақылау мақсатында бейнекамералар орнатылған. Төрағаның айтуынша, бастауыш партия ұйымының мүшелері ауданымыздағы мәдени-көпшілік, спорттық шараларға белсенді қатысады.

         Жиында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Молдағалиев партиялық кадр резерві жөнінде таныстырып өтті. Мұнан соң бастауыш партия ұйымы Бюросын сайлау өткізіліп, «Жұмаев» БПҰ-ның төрағасы болып Н.Мұстаев бірауыздан қайта сайланды. Жиналыс соңында «Нұр Отан» партиясының қатарына қабылданушы аудандық орталық аурухана директорының орынбасары Бірлес Ихсанов, дәрігерлер Айдын Ержанов, Бақыт Қанатов және тағы да басқа денсаулық сақтау саласының мамандарына куәлік табысталды.

         Осындай жиналыс «БҚО өндірістік филиалы ҚазТрансГазАймақ» АҚ аудандық газ шаруашылығының ғимаратында оздырылып, онда «Акционерлік» бастауыш партия ұйымының төрағасы Рауль Өтемісов есеп берді.

Д.ОСПАН

Жәнібек ауданы   

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале