25.08.2016, 13:33
Оқылды: 31

Бас жүлде Бұйрашеваға бұйырды

Зеленов ауданы орталығында келіндер сайысы өткізілді.DSC_0938 DSC_0988

Оған ауданның 10 ауылынан келген келіндер қатысып, өнерлерін ортаға салды.

Әр шаңырақтың түтіні түзу шығып, жанға жайлы жылылық, береке-бірлік орнауы әрине, бірден-бір әйел затына тікелей байланысты екені хақ.

Шараға қатысушылар алдымен елмен амандасып, өздерін таныстырып өтті. Кейін салт-дәстүр, ұлттық құндылықтар, әдеп-ғұрып жайлы өрбіген сауалдарға жауап беріп, ой ұшқырлықтарын танытты. Ал, «Қолы алтын» айналымында жас келіндердің тамақ дайындау шеберлігі сынға алынды. Соңғы «Өнегелі де өнерлі» кезеңінде қатысушылар бірі ән айтса, бірі мың бұрала билеп, бірі жауһар жыр төгіп, бірі көз тартар тоқыма бұйымдарын ұсынып, көпшіліктің көңілін бір серпілтті.DSC_0928

            Сонымен, жас келіндер сайысын қорытындылайтын болсақ, щаповтық Ақмарал Өмірұзақова жүлделі ІІІ орынға,  макаровтық Нұржамал Юсупова ІІ, Достықтан келген  Әсем Қазиева І орынға ие болды. Ал, бас жүлде переметныйлық Индира Бұйрашеваға бұйырды. Енді Индира келініміз облыстық келіндер сайысында аудан намысын қорғайтын болады.

Д.Дербісалы

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале