2.08.2016, 16:01
Оқылды: 40

Бағасын оқырман берер кітап жарыққа шықты

Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мәдениет қызметкері, айтыскер ақын Шолпан Қыдырниязованың «Менің тәрбие сағатым» атты жаңа кітабы жарық көрді.


Кітаптың демеушісі – Нәдір Құрымбаев.

- «Менің тәрбие сағатым» «Полиграфсервис» ЖШС баспаханасынан қойынкітап болып жарыққа шықты. Өз жүрек қалауымен «Апа, жазбаларыңды оқып жүрмін, кейінгі жас буынға керек дүние екен, мен міндетіме алайын, қойынкітап шығарайық» - деп көмек қолын созған ордалық кәсіпкер - Құрымбаев Нәдір Шамұратұлы.шолпан

«Қыран азығын шашып жейді...» деген осы шығар. Мен бүгін қойынкітаптың жарық көргеніне емес, жаны жайсаң, құм ұлы Нәдірдің азаматтығына шын жүрегіммен шаттанып, Нәдірмен мақтанып отырмын. Нәдірдей сөз нәрін түсінетін ұлтжандыларымыз көбейсін! - дейді Ш.Қыдырниязова.

Еңбек барша оқырманға арналған.

 

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале