14.09.2016, 14:58
Оқылды: 16

Бағдарламаға енгізілген өзгертулер түсіндірілді

%d1%81%d0%b5%d0%bc%d0%b8%d0%bd%d0%b0%d1%802020-027Зеленов ауданында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының негізгі ережелері және оны жүзеге асыруға, бағдарламаны әлеуетті қатысушыларының, жергілікті атқарушы органдардың және басқа да ұйым өкілдерінің қатысу тетіктерін талқылаған семинар оздырылды. Оған аудан әкімінің орынбасары Асылұлан Досжанов, «Батыс Қазақстан ғылыми-зерттеу институты» мекемесінің директоры, ғылым кандидаты, доцент Үмбетқали Жаңабеков, «Батыс Қазақстан ғылыми-зерттеу институты» мекемесінің бас әдіскері Амангелді Әміров, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акцонерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының мониторинг және талдау бөлімінің бас маманы, магистр Дәурен Қамешев, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Тілекбай Төлепқалиев, жұмыспен қамту орталығының басшысы Виктор Баштавенко және барлық ауылдық округ әкімдері қатысты. Жиынды ашқан Асылұлан Тұрсынұлы келген қонақтар мен семинар қатысушыларына қош келдің айтқан соң сөз кезегін Үмбетқали Молдағалиұлы алып, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының негізгі бағыттары және оның өңірімізде қалай жүзеге асып жатқандығы туралы толық мағлұмат беріп өтті. Кейін жиналғандарға «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы мағлұмат берілді. Ол жайында «Батыс Қазақстан ғылыми-зерттеу институты» мекемесінің әдіскері Амангелді Орынғалиұлы айтса, аталған бағдарламаның ауылдық жерлерде жүзеге асырылуының тәжірибелік қырларын туралы мағлұматты Дәурен Ғалымжанұлы толық түсіндіріп берді. Сондай-ақ жиын барысында аудандық жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Виктор Баштавенко да сөз алып, бағдарламаның жергілікті жерде қалай жүзеге асып жатырғандығы мен кездесетін қиындықтар жайына тоқталды. Одан соң семинар қатысушыларына арналған тренинг өткізіліп, жиын «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының негізгі ережелері және оны жүзеге асыру тетіктерін қамтыған тестілеумен қорытындыланды.

Түгелбай Бисен

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале