2.08.2016, 14:21
Оқылды: 29

Бақытын баладан іздеген халықпыз!

Бақытын баладан іздеген халықпыз!Теректі ауданы Покатилов ауылының Мәдениет үйінде  балалардың жазғы демалысын тиімді  ұйымдастыру мақсатында  «Жаз аруы -2016»  атты байқауы өтті.


Бұл байқауға 7-9 жас аралағындағы бүлдіршіндер қатысты. Шараны округ әкімі Л.Сердалиева мен Мәдениет үйінің директоры Н.Сунцов ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Байқауға   Кубаева Карина, Милосердная Яна, Рамазанова Аделя, Рожникова Катя, Сунцова Карина қатысып, өз өнерлерін ортаға салып, түрлі номинацияларды иеленді. Осы байқауға жетекшілік еткен Мәдениет үйінің қызметкері Светлана Садовскаяға ата-аналар үлкен алғыстарын білдірді.

М.Сарсекеева
Покатилов ауылы
Теректі ауданы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале