27.10.2016, 10:34
Оқылды: 29

Белестік жас құтқарушылар жеңісі

   Орал қаласында «Жас құтқарушы» топтарының слеті өтті. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізілген құтқарушылар жарысына қатысқан Зеленов ауданы Белес мектебінің «Белес» командасы тамаша нәтиже көрсетті. Мектептің алғашқы әскери дайындық пәнінің ұстазы Жасұлан Егізбаев пен аудандық туризм және экология орталығының маманы Жасұлан Ғұмаровтың жетекшілігімен барған Аида Имақанова, Әділет Меңдіғали, Тимур Сыдықов, Исламбек Имақанов, Ерген Кенжеғали, Жаннұр Есболова, Нариман Рагуф сияқты жас құтқарушылар өздерінің жақсы дайындықтарын көрсетіп, «Табиғи  орта жағдайындағы іздеу-құтқару жұмыстарынан» бірінші, «Техногендік авария аймағындағы құтқару жұмыстарынан» үшінші орын еншілеп, жалпыкомандалық есепте бас жүлдені жеңіп алды.

Енді белестік сайыпқырандар республикалық «Жас құтқарушылар» слетіне дайындық жүргзіп жатыр.

Түгелбай Бисен

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале