30.09.2016, 17:07
Оқылды: 18

Белсенді жастар кеңесті

%d0%b1%d0%b5%d0%bb%d1%81%d0%b5%d0%bd%d0%b4Елбасының жыл сайынғы халыққа жолдауын одан әрі насихаттап, «Өрле Қазақстан» әлеуметтік жобасы мен «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының егжей-тегжейін түсіндіру мақсатында Зеленов ауданына облысымыздың белсенді жастары келді.

Аудан орталығындағы коледж студенттері мен жас ұстаздарына қажетті кеңес берген «Жас қанат» жастар қоғамдық бірлестігінің менеджері Манарбек Әжкенов, БҚО жастар саясаты мәселелері басармасының бас маманы Бақберген Әбуов, БҚО «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы»-ның консультациялық қызметтер көрсету бөлімінің кеңесшісі Белен Әшімов және  Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі АҚ БҚО филиалының кеңесші-маманы Азамат Сағынбай жиналғандарға алдымен мемлекеттік жастар саясаты аясында облысымызда қандай іс-шаралар өткендігі туралы шағын бейнеролик көрсетті. Одан соң келген жастар өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, жастар саясаты қалай жүзеге асып жатырғандығын, мемлекет тарапынан қандай көмек көрсетіліп отырғандығы жайында кеңінен әңгімелеп берді. Жиын барысында «Дипломмен ауылға», «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламалары жайында сұрақтар қойылды. Олардың барлығына жауап берген қонақтар жастарды белсенді болуға, ел үшін қызмет көрсетуге шақырды.

Жиын соңында сөз алған Зеленов колледжі директорының орынбасары Дархан Қажымұратов пен шараны ұйымдастырушы аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық жетекшісі Нұржан Ешмұратов аудан жастарына кеңес бере келген азаматтарға ризашылықтарын біллдірді.

Түгелбай Бисен

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале