2.08.2016, 10:49
Оқылды: 24

Берекелі жәрмеңке

????????????????????????????????????

     Жәнібек ауданы орталығындағы үлкен базарда жәрмеңке өтті.


Бұл жолы қаумалаған халықтың көзі  Ұзынкөл, Жәнібек, Тау ауылынан келген сиыр еті мен қой еті өнімдеріне түсіп, қолжетімді бағаға сауда жасады. Сиыр еті 1000 теңгеден сатылса, қой еті 850 – 900 теңгеден сатылды.

Сондай-ақ, ауылдан келген сатушыларымыздың қолынан табиғи таза сүт өнімдері сары май, қаймақ, құрт, ірімшіктермен қатар жеміс-жидектер жұртшылықтың назарынан тыс қалмай, сұранысқа ие болды.

                                                                                            Сырымов Меңдібек
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале