26.10.2016, 10:35
Оқылды: 29

Бисендіктер өнерімен танылды

%d0%b0-193Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Бисен ауылдық округінің концерті отбасындағы тәлімді тәрбие көрінісінен басталды. «Махамбет» атты композициялық қойылымнан соң, Дастан Мұсағалиев орындаған «Нарын елім-ай!» әні тыңдарманды баурап алса, «Домбыра» биін мың бұрала билеген аруларға да көрермендер дуылдата қол соқты. Анаргүл Мұқанғалиева әуелеткен «Туған жер», Сағынғали Жәрдемов шырқаған «Айналайын ауылым», Артур Әлесов пен Нұрбол Өтеғалиев қалықтатқан «Көк байрағым» әндері мен Сұлушаш Қалиеваның орындауындағы «Көбелек»  композициялық биі де сәтті шықты. Республикалық «Айгөлек» фестивалінің лауреаты Нұрғиса Төлегенов пен Шыңғыс Мұқасовтың «Туған жері», Ринат Есенболатов пен Нұрбол Өтеғалиевтің «Елім менің» әндері көпшілікті тағы бір желпінтті. Сондай-ақ, Нұрбол Қайыров пен Асылжан Тілекқабылов та өздерінің жақсы әнші екендігін байқатты.

Жалпы, бисендіктер өз өнерлерін көрсетуде аянып қалмады. Үш бөлімді концерт тыңдармандарды жалықтырған жоқ. Шара соңында аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов сөз сөйлеп, бисендіктерге ризашылығын білдірді.

Г.Тұрсынтегі

Бөкей ордасы ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале