1.08.2016, 18:40
Оқылды: 31

Борсылықтардың әуезді концерті  

Борсылықтардың әуезді концерті  Жәнібек аудандық мәдениет және демалыс саябағында Борсы ауылының көркемөнерпаздары «Тәуелсіздікке тарту» атты концерттік бағдарлама қойды.


Шараның шымылдығын Назар Шарипов «Қазақстаным» әнімен ашты. Бірнеше облыстық байқаулардың жүлдегері Ғарифа Азербаева мың бұрала билесе, оның жетекшілігіндегі «Аққайың» би ансамблінің орта және кіші буын өкілдері де бірнеше биден шашу шашып, концерттің көркін қыздырды. Ақын Махмұтбай Әміреұлының «Тәуелсіздік толғауын» Ерасыл Қорған нақышына келтіріп оқып, көрермендердің жылы ықыласына бөленді. Дарын Дияр, Архат Үмітаев, Ұлжан Қайырлиева, Бекзат Әмірғалиев, Аманат Қази, Арсен Садилар орындаған патриоттық әндер де жұртшылықтың көңілінен шығып жатты. Концерт оқушылар мен жастар билеген флешмобпен мәресіне жетті.

Д.ЗЕННАТ

Жәнібек ауданы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале