15.08.2016, 17:27
Оқылды: 15

Бурабайдағы дода

Каратэ (2)         Жуырда еліміздегі демалыс орындарының бірі Бурабайда ҚР Каратэ спорты Федерациясы оқыту-жаттығуларын ұйымдастырды.


 

Оған жерлестеріміз Каратэ спорты Федерациясының бас судьясы Фархад Жалмұрзин, бапкер Николай Сеннов шәкірттерімен қатысып келген болатын.

Шара аясында спортшыларымыз тәжірибе алмасып, түрлі жаттығулар, жаңа әдіс-тәсілдер үйреніп келді. Ал демалыс бағдарламасы бойынша саяхат жасалып, байқаулар да өткізілген.

Бурабайдағы соңғы күндерде кумитэден дода өтіп жерлестеріміз жүлделі оралды. Атап айтсақ, Ілияс Жеңіс (8-9 жас) І орын, Максим Лотарцев (8-9 жас) ІІ орын, Эльвира Дусупова (8-9 жас) ІІ орын, Александр Бурыкин (12-13 жас) ІІ орын, Полина Уварова (12-13 жас) ІІ орын, Айнара Кубеева (14-15 жас) ІІ орынға ие болды.

Д.Дербісәлы

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале