16.08.2016, 12:51
Оқылды: 76

Дулат Бабатайұлының шығармашылығына арналған кеш өтті

Дулат Бабатайулы2007 жылдан бері аталып келе жатқан «Бір ел-бір кітап» акциясы  биылғы жылы Дулат Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған  болатын.


Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде  ақын Дулат Бабатайұлының шығармаларын насихаттау барысында «Елдік пен еркіндік жаршысы» атты әдеби- поэтикалық кеш өтті.

Әдеби кеш Дулат Бабатайұлы туралы дайындалған слайдтан бастау алды. Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің психологы Гүлжихан Қалиахметова Дулат ақынның өмір сүрген уақыты қазақ халқы үшін ең қиын заман болғандығына тоқталды. Сол уақытта «Зар заман» жырын  тудырды.

Жазушының өмір дерегі мен шығармашылығына  аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің оқырмандарды қамту бөлімінің меңгерушісі  Ақнұр Ысқақова  қысқаша шолу жасады.

Дулат ақынның өлең-жырларының басты сарыны батырлықты, елдікті, адамгершілікті дәріптейді.

Жас оқырмандар  Нұрай Базарбаева «Сауыр жерден айрылып», Гаухар Сәбитқызы «Қайғылыны уаттым», Шынар Нұрмағамбетова  «Ата қоныс арқадан», Жанель Каримова «Сарыарқа» өлеңдерін нақышына келтіре оқыды.

Кеш соңында «Азаттық жырының ақтаңгері» атты кітап көрмесімен кітапханашы Қ.Гатауова шолу жасады.

 

Тоты Есқайырова

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале