10.08.2016, 12:38
Оқылды: 26

БҚО жастары «ЭКСПО-2017»-ні қуана құптайды

expoZKOЖастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Батыс Қазақстан жастары ЭКСПО- 2017-ні қарсы аламыз» атты шара өтті.

Батыс Қазақстан облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының  жоспарлы шаралары аясында елімізде 2017 жылдың 10 шілде - 10 қыркүйек аралығында «Болашақтың қуаты» тақырыбында өтетін  «ЭКСПО-2017»  халықаралық көрмесінің маңызы мен міндетін, еліміздің дамуында, танылуында алатын оның орны және жалпы осы ауқымды қадам туралы толық мағлұмат беруге арнайы келген ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері ауданымыздың  жастарымен кездесті. Аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Батыс Қазақстан жастары ЭКСПО- 2017-ні қарсы аламыз» атты шараға жиылған аудан жастарына «ЭКСПО-2017» еріктілері Мөлдір Сапар мен Жандос Чукеев еліміздің 2017 жылға белгілеген әлемдік деңгейдегі көрме шарасының өту және дайындық шараларының жүріп жатқандығын баяндап шықты. Еріктілер көрме өтетін аймақ көлемін, кешенді көрме аумағында қандай мақсатқа арналған  ғимараттардың болатынын, сондай-ақ  болжалды келушілер саны, бүгінгі таңда бастауын алып кеткен билеттер сату жұмыстары, көрмені өткізуде аса қажеттілік ететін еріктілер қатарын даярлау, оларды алдын-ала дайындықтан өткізу мәселелері туралы көптеген мағлұматтар берді.

Қаршыға Елемесов

Шыңғырлау ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале