19.09.2016, 12:23
Оқылды: 25

Бүлдіршіндерді қуанышқа бөледі

3%d0%b0%d0%bd%d0%b0Қаратөбе ауданының Сулыкөл  ауылдық округіне қарасты Үшана ауылындағы «Дәулет» шаруа қожалығының жетекшісі Біржан Қарашолақов «Раушан» балабақшасының тәрбиеленушілеріне сыйлық жасады.


«Раушан» балабақшасына демеушілік жасап «ОТАU TV» жерсеріктік телевизиялық құрылғысын сыйға тартқан  Біржан Дәулетқалиұлы бүлдіршіндерді қуанышқа кенелтті. 20 бүлдіршін тәрбиеленетін балабақша ұжымы ауылда өтетін түрлі шараларға үнемі қолдау көрсетіп, көмегін аямайтын қайырымды жан Біржан Қарашолақовқа дән риза.

Серікбай ХАСАНОВ

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале