3.10.2016, 16:46
Оқылды: 46

Бұлдыртыда той өтті дүркіреген

%d0%b1%d2%b1%d0%bb%d0%b4%d1%8b%d1%80Жиырма бес жыл сән-салтанат құрып келетін Тәуелсіздіктің торқалы тойына орай Бұлдырты ауылындағы ағайын ат шаптырып, той жасады. Бұл той Ауыл күнімен де, Еңбек күнімен де орайластырылды. Тойтөбеге бұлдыртылықтар да, қонақтар да көптеп жиылды.

Аудан әкімі А.Шыныбеков халықты торқалы тойларымен құттықтап, Тәуелсіздіктің жиырма бес жылында қол жеткізген жетістіктерімізді атап өтті.

Аудандық  орталық аурухана директоры Мұрат Дүсеев Бұлдырты ауылдық амбулаториясының меңгерушісі Исқожин Нұрсұлтанға су жаңа жедел жәрдем көлігінің кілтін табыс етті.

Бұлдырты ауылдық округінің әкімі Ерлан Мақашев ауылдастарын құттықтап, мерекеге орай марапаттады.  25 жылдыққа орай ауылда өткізілген веломарафоншыларға сый-сияпат табыстады. Велошерушілердің ең жасы, 2-сынып оқушысы Бексұлтан Серіков, жалғыз қыз бала Ақтоты Саматова, жетекшісі Руслан Бекжанов Ерлан Қабдолуапұлының  қолынан алғыс хат алды. Ұстаздар мерекесіне орай «Ең үздік ұстаз» аталымымен  Жанат Қажығалиева мен Қамажай Шапанова марапатталды. Еңбек күніне орай «Үздік малшы» атанған Нұркен Ғалымжанов, «Үздік шөп шабушы» атанған Меңдібек Мырзағалиевтер да марапатқа ие болды.

Дала сахнасында әсем әндер әуелеп, ауыл халқы би биледі.

Ел тойы дала қызықтарымен жалғасып, құнан бәйге, аламан бәйге оздырылды. Ат жарыс халықтың делебесін қоздырып,  жанкүйерлерді айқайлатып, қиқулатты. Аламанда қаратөбелік Ғабит Мұқановтың аты бірінші келсе, тасқұдықтық Мұхтар Шөлеуовтың аты екінші, көздіғаралық Мерген Жұмағалиевтің аты үшінші келді. Құнан бәйгеде бұлдыртылық Аман Қожағалиевтың  аты бәйге алды.%d0%b1%d2%b1%d0%bb%d0%b4%d1%8b%d1%80%d1%82%d1%8b

Балалар арасында жаяу жүгіріс ұйымдастырылып, Әли Кішібеков желаяқ атанды. Нұрсұлтан Қалжанов мәрені екінші, көздіғаралық Шыңғыс Шүкіров үшінші боп кесті.

Қазақша күресте  жауырыны жерге тимейтін палуандар белдесіп, нәтижесінде бұлдыртылық Сержан Ерланов түйе палуан атанды. Темірлан Ғаббасов пен Сыйбағат Аманов екінші, үшінші орындарды бөлісті. Қой көтеруден Темірлан Ғаббасов жеңіске жетті.

Шынар Молданиязова

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале