4.10.2016, 13:01
Оқылды: 18

Бәріміз бірдейміз - кемсітуді білмейміз

%d0%ba%d0%b5%d0%bc%d1%81%d0%b8%d1%82%d1%83%d0%b4%d0%b8-%d0%b1%d0%b8%d0%bb%d0%bc%d0%b5%d0%b9%d0%bc%d0%b8%d0%b7Жаңақала ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Бәріміз бірдейміз-кемсітуді білмейміз» атты облыстық фестивальдің аудандық кезеңі өтті.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен өткен фистивальде ауылдық округтерден келген мүмкіндіктері шектеулі жандар «Үздік орындаушы», «Көркем сөз» және «Үздік жасампаз» атты үш бағам бойынша сайысқа түсті.

Фестиальдің ашылу салтанатында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Еркін Сапаров сөз алып, аудан тұрғындарын, қонақтар мен көрермендерді аталмыш фестивальдің ашылуымен құтықтап, конкурсқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Одан әрі аудан тұрғындары мүмкіндіктері шектеулі жандарға мейірімділік танытып, арнай қойылған қайырымдылық жәшігіне ақшалай көмектерін салды. Байқауда барын салып, қазылар алқасының оң бағасын алған жеңімпаздарға келсек, олар – үш номинация бойынша үздік деп танылғандар. Жеңімпаздар түрлі жас аралығында болды. «Үздік жасампаз» сайысында Гүлзия Исмағұлова үздік деп танылса, «Үздік орындаушы» номинациясында Назерке Қабиева (Қырқопаауылы) үздік атанды. Ал «Көркемсөз» сынында Дильназ Дидарқызы (Жаңажолауылы) жеңімпаз атанды. Шара соңында барлық қатынасушыларға аудан әкімінің алғыс хаты табысталса, жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталып, облыстық кезеңге жолдама алды.

Н.Ғаббасов

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале