26.09.2016, 16:54
Оқылды: 31

«Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз»

111_3746Oсындай тақырыппен аудандық мәдени-демалыс орталығының ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі жандардың  шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында «Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз» атты аудандық байқау өтті.


Төртінші рет ұйымдастырылып отырған аталмыш шараға Мерей, Шежін, Қосшы ауылдық округтерімен қатар аудандық педагогикалық-психологиялық түзету кабинетінен және қарттар мен мүгедектерге арналған әлеуметтік мекеменің мүмкіндігі шектеулі жандары қатысты.

Байқауға  қатысушылар екі бағыт бойынша сынға түсті. Бірі қолөнер туындыларын көрсету болса, екіншісі өз-өнерлерін 111_3738ортаға салу болды. Және оған арнайы қазылар алқасы тағайындалып, өз бағаларын берді.

Байқау қортындысы бойынша Шежін ауылдық округінен келген Ү.Танабаева мен Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектептің оқушысы С. Абдрашев «Үздік жасампаз» аталымымен марапатталды.

Сондай-ақ «Үздік орындаушы» аталымы бойынша өнер көрсеткен А.Бисенғалиева мен Н.Юсуповаға арнайы диплом мен  естелік сыйлықтар берілді.  Сонымен қатар сайысқа қатысып белсенділік танытқан өзге үміткерлерге де алғыс хат пен сыйлықтар табысталды.

Е.Елекенов

Тасқала ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале