8.11.2016, 12:34
Оқылды: 26

Бәсекедегі тартысты ойын өрнегі

 %d0%b1%d3%99%d1%81%d0%b5%d0%ba%d0%b5%d0%b4%d0%b5%d0%b3%d1%96-%d1%82%d0%b0%d1%80%d1%82%d1%8b%d1%81%d1%82%d1%8b-%d0%be%d0%b9%d1%8b%d0%bd-%d3%a9%d1%80%d0%bd%d0%b5%d0%b3%d1%96Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында аудан орталығы іргесіндегі Үшағаш ауылында волейбол алаңына жиналған ауыл жастарының спорт өнеріне деген қарқыны әп-дегеннен-ақ байқалып тұрды.

Жарысқа қатысушы спортшыларды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаған ардагер ұстаз Серік Зейноллаұлы баршасына сәттілік тіледі.

Жолдастық кездесу «Ардагерлер», «Белсенді ауыл жастары», «Жас Ұлан», «Ақжайық» командалары арасында қызу бәсекеге ұласты.

Жанкүйерлерге қиқу салдырып, тартысты өрбіген ойын қорытындысында үздік ойын өрнегін көрсеткен «Ақжайық» командасы жеңімпаз боп алға шықты. ІІ орынды «Жас Ұлан» командасына бұйырса, «Ардагерлер» командасы ІІІ орынды місе тұтты.

«Үздік шабуылшы» аталымымен «Жас Ұлан» командасының ойыншысы Рафхат Оңалбаев, «Үздік қорғаушы» аталымымен «Жас Ұлан» командасының ойыншысы Нұрзат Сейлібекұлы, «Ардагерлер» командасының ойыншысы Жанболат Шарамиков «Көрермен көзайымы» аталамымен марапатталды.

Жарыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылуына «Қаратөбе» спорт клубы (Әдіскер Бекболат Файзуллин) мүмкіндік жасады.

 

Райымбек Абаев

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале