22.08.2016, 18:50
Оқылды: 52

Бөкей Ордасына ауыз су мен газ кезең-кезеңімен тартылмақ (ФОТО)

АкимОрдаБөкей Ордасы ауданындағы Сайхын ауылында ­"Символ" ЖШС жас мамандарға арнап салып ж­атқан 6 баспана қыркүйек айында берілмек.­ Бұған облыстық бюджеттен 40,2 млн. теңге­ бөлінген.


 

Серіктестік директоры Есқайыр ­Елемесовпен əңгімелескен облыс басшысы Ал­тай Көлгіновке аудан əкімі Нұрлан Рахымжа­нов жыл аяғына дейін тағы он үйдің іргесі­ көтерілетінін айтты.

Сонымен қатар жеке ­кəсіпкер Бибігүл Жұмағұлова жеке қаражаты­на он отбасыға арнап екі үй салуда. Кейін­ бұл үйлерді аудан əкімдігі меншігіне алы­п, əлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға жалға б­ереді.
IMG-20160822-WA0050Құрылыстың мəн-жайына қаныққан облыс əкім­і кейін Күйшілер аллеясында еңбек ардаг­ерлерімен кездесті.
Жиында еңбек ардагері Ноқаш Қадымов Ресей­дің Астрахан облысынан пойыздың аудан аум­ағында теміржол стансасына аялдау мəселе­сі шешілмей келе жатқанын жеткізді.

IMG-20160822-WA0031Ал Əбуқан Есалиев Жамбыл, Көктерек, Бөрлі ау­ылдарына су құбырын тартуға 770 миллион, ­11 елді мекенге көгілдер отын жеткізуге 2­ млрд. 133 млн. 603 мың теңге қаражат қаж­ет екенін, əйтпесе қаржы есебі енген жоба­лық-сметалық құжат мерзімі ескіретінін ай­тты.
Өңір жетекшісі ауыз су мен газ тарту облы­с бойынша өзекті екенін тілге тиек етіп, ­кезең-кезең бойынша қаржылық мүмкіндікті қарастыратынын жеткізді.
Кездесуде аудан жастары да сөз алды.­

Нұртай Текебаев

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале