12.08.2016, 14:52
Оқылды: 22

Бөкей ордасында бірінші жарты жылдықта 85 қылмыс саны тіркелген

Ағымдағы жылдың алты айында ауданымызда 85 (округтер бойынша Сайқында – 35, Ордада – 11, Мұратсайда – 4, Бисенде – 9, Т.Масинде – 9, Саралжында – 5, Ұялыда – 5)қылмыс тіркелді. Былтыр осы кезеңінде 116 қылмыс жасалған-ды. Өткен жылмен салыстырғанда қылмыс саны 26,7 %-ға азайып отыр. Биылғы қылмыстардың 4-еуі ауыр, 54-і орташа, 9-ы ауыр емес және 18-і теріс қылық.  Ауыр қылмыстар санатындағы ханордалық С.Мұхамбетшиннің 30 ірі қара малының ұрлануы ашылмай, тергеу амалдары жалғастырылуда. Орташа ауырлықтағы қылмыстар өткен жылмен салыстырғанда 75-тен 54-ке азайып, ашылуы 55,1 %-дан 79,2 %-ға көтерілді. Ауырлығы онша емес қылмыстар 12-ден 9-ға түсті. Ашылуы былтыр да, биыл да 100пайыз.

А.Алдабергенов

Бөкей ордасы ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале