20.07.2016, 17:43
Оқылды: 33

Бөкей ордасында мал тұқымы асылдандырылуда

мал тұқымын асылдандырудаБөкей ордасы ауданы бойынша ірі қара өсіретін 9 шаруа қожалығы қазақтың ақбас тұқымының республикалық палатасына мүше. Ал, ордалық «Хан Ордасы» ЖШС-ның қазақтың айыр өркешті түйесін өсірумен шұғылданғанына біраз жыл өтсе, «Рауан» шаруа қожалығы жылқы табынын түгел көшім, «Боранбаев» шаруа қожалығы жабы тұқымына айналдырып алды.

Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңға енгізілген өзгерістерге байланысты құжаттарды реттеп, бүгінде олар республикалық палатаға қабылдану бағытында жұмыстануда.

Д.ӘЛИЕВ

Бөкей ордасы ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале