27.10.2016, 15:00
Оқылды: 13

Бөкей ордасы ауданындағы доп додасы

        Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 2000-2002 және 2003-2004 жылы туылған жасөспірімдер арасында өткізілген аудандық турнирде «Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің Сайқын, Орда, Бисен ауылдық округтерінің бөлімшелерінен 50-ге тарта аяқ доп шеберлері бақ сынады. Алдымен тартысты өткен 2000-2002 ж.т. ойыншылардың бәсекесінде ордалықтардың  бәсі басым түсіп бас жүлдені иеленсе,  екінші тұғырдан сайқындықтар, үштіктен бисендіктер көрінді. Ойын барысында шеберліктерімен көзге түскен ордалық Алтынбек Алмадиев «үздік бомбардир» атанса, Нүркен Есмұханов  «үздік ойыншы», бисендік Өміржан Ахметов «үздік қорғаушы», ордалық Айдар Нұржанов «үздік қақпашы» атанды.

Ал, 2003-2004 ж.т. ойыншылардың бәсекесінде де ордалықтар І орыннан көрінсе, сайқындықтар   ІІ, бисендіктер ІІІ орынға табан тіреді. Ойын барысында ордалық Оралхан Мұханбетқалиев «үздік бомбардир», сайқындық Ернұр Ержан «үздік ойыншы»,  бисендік  Дастан Елемесов «үздік қораушы», ордалық Бекзат Насикенов «үздік қақпашы» атанды.

Н.Сариев

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале