8.11.2016, 11:33
Оқылды: 32

Бөрлідегі байрақты бәсеке

%d0%b1%d3%a9%d1%80%d0%bb%d1%96%d0%b4%d0%b5%d0%b3%d1%96-%d0%b1%d0%b0%d0%b9%d1%80%d0%b0%d2%9b%d1%82%d1%8b-%d0%b1%d3%99%d1%81%d0%b5%d0%ba%d0%b5Бөкей Ордасы ауданы Темір Масин ауылдық округінің орталығы Бөрліде спорт шеберлігіне үміткер, 1985 жылы қазақша күрестен Алматы қаласында өткен республикалық турнирде жеңімпаз атанған марқұм Рысқалиев Ақылбек Төлегенұлын еске алуға арналып, 2000-2002 жылдары туылған жасөспірімдер және «өгіз» (85 келіге дейінгі), «түйе» (85 келіден жоғары) палуандар арасында аудандық ашық турнир өтті. Оған Орал қаласы мен Теректі, Қазталов, Жәнібек аудандары командалары да қатысты. Палуандар белдесуі ауылдық мәдениет үйінде салтанатты жағдайда ашылып, округ әкімі Меңдібай Қитанов қонақтарға қош келдіңіздер айтып, спортшыларға табыс тіледі. Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әлібек Айтқалиев Ақылбектің анасы Дариға апайға камзол кигізіп, інісі Айбекке аудан әкімі Н.Рахымжановтың Алғыс хаты мен естелік сыйлығын ұсынды. Аталмыш шара осы шаруашылықтың демеушілігімен оздырылғанын да оқырмандар қаперіне бере кеткеніміз жөн шығар.

Белдесулер өте тартысты, қызықты болды. 2000-2002 жылдары туылған жасөспірімдер арасында теректіліктер айқын басымдылық танытты. 5 салмақ дәрежесінің 3-еуінде олар тұғырдың жоғары сатысына көтерілді. Сонымен, жасөспірімдер нәтижелері мынадай:

46 келі салмақта тиісінше Дәурен Оралбаев (Теректі), Армат Ерниязов (Қазталов), Аманқос Ерғалиев (Бөкей ордасы);

51 келіде Еркебұлан Ерсайынов (Қазталов), Тұңғиық Садық (Бөкей ордасы), Рауан Болатов (Жәнібек);

57 келіде Нұрлан Мәжік (Теректі), Темірлан Каримов (Бөкей ордасы), Данияр Қайыров (Жәнібек);

64 келіде Әли Абылаев (Теректі), Шора Нанахов (Қазталов), Бекслан Кенжеғалиев (Бөкей ордасы),

72 келіде Ұлан Елемесов (Бөкей ордасы), Бекзат Ахатов (Бөкей ордасы), Бекболат Қадырболатов (Қазталов) жүлдегер атанды.

Жас айырмашылықтарына қарамастан «өгіз палуан» атану үшін боз кілемге шыққан 13 жігіттің әрқайсысы да бәйгеге тігілген 50 мың теңгеден үмітті еді. 50 мыңды сайқындық Нұрбек Ғазезов иеленіп, саралжындық Жанайдар Меңдешев пен бисендік Мейрам Ғазезов 10 мың теңгеден ынталандыру сыйлығын алды.

100 мың теңгелік «түйе палуан» жүлдесі 9 жігіттің арасынан саралжындық Бекайдар Меңдешевке бұйырды. Теректілік Армат Ибраев пен бөрлілік Оралхан Теміров 15 мың теңгеден ынталандыру сыйлығын иеленді.

Турнирдің жабылу салтанатында А.Рысқалиев ауыл, аудан әкімдіктеріне, ұйымдастыру алқасына әулеттерінің атынан ризашылығын білдірді.

Мейрамбек Ғиылманов

Бөкей ордасы ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале