9.11.2016, 10:41
Оқылды: 26

Волейболдан чемпионат өтті

   Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде волейболдан ерлер арасында  аудандық ашық чемпионат өтті. Жарысқа алты команда қатынасып, бақтарын сынады. Тартысты өткен жарыс қорытындысында Т.Жароков атындағы мектеп,  М.Ықсанов атындағы колледж және Ұзынкөл ауылының командалары тиісінше бірінші, екінші және үшінші орындардан көрінді. Тамаша ойын өрнегін көрсеткендері үшін үздік аталымдар бойынша шабуылшы Д. Әбдірахманов, байланыстырушы Е. Әубекеров, тосқауылшы Э. Шамелов марапатталса,  «Үздік ойыншы» және «Үздік техника көрсеткені үшін» аталымдарына сәйкесінше  Қ.Хайрушев пен М. Идаев ие болды. Жеңімпаз командалар және жүлдегерлер диплом, медальдармен марапатталды.

С.Сағыныш

Жәнібек ауданы

www.zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале