1.09.2016, 17:20
Оқылды: 50

«Гитара party» кеші

ГитараАудандық мәдениет және демалыс саябағында Қазақстан Республикасының Конституциясы мерекесіне орай жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық пен «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігі «Гитара party» ұйымдастырды. Оған түрлі мекемеде жұмыс жасайтын аудан жастарымен бірге мектеп жасындағы балалар да белсенді қатысты. Ж. Құмашев гитарамен жанды дауыста ән шырқап, жиналған жұртшылық онымен бірге қосылып айтты. Кеш барысында жастар мерекеге орай құттықтау тілектерін айтып, осындай жастардың басын біріктіретін игілігі мол іс-шаралар көп болса екен деп өз ойларымен бөлісті. Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында өткізілген шара әсем сазды, жанды дауысты әуенмен жастарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап өз мәресіне жетті.

                                                                                                С .Сайынұлы

                                                                                                Жәнібек ауданы

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале