11.11.2016, 12:24
Оқылды: 22

«Грантпен» жүздесті

%d0%b3%d1%80%d0%b0%d0%bd%d1%82%d0%bf%d0%b5%d0%bd-%d0%b6%d2%af%d0%b7%d0%b4%d0%b5%d1%81%d1%82%d1%96  Қазіргі таңда жастар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыруда «Жайдарман» көңілді тапқыштар клубы ойындарының алатын орны ерекше. «Жайдарман» олардың арасында ерекше ықыласқа бөленуде.


   Әр жылдары Астана қаласында өткізіліп келе жатқан «Жайдарман» телевизиялық жобасына Орал қаласынан да көптеген топ қатысып, өз танымалдылықтарын одан сайын арттыруда. Облысымыздың намысын жоғары көтеріп жүрген топтың бірі – «Грант» жуырда Ақжайық ауданынң Қарауылтөбе ауылында сапарда болды. Олармен концерттік бағдарламасы басталғанша, мектеп оқушылары, ауылдағы көңілді тапқырлар клубы үйірмесінің мүшелері арасында кездесу сағаты ұйымдастырылды. Ауылдық ұл-қыздар «Жайдарманның» бүгіні мен болашағы жайында көптеген сұраққа мазмұнды жауап алды. Сосын қарауылтөбеліктер сахнадан «жайдарманшы» жігіттердің өнеріне қанықты. Жиналғандарды бұл әзілкештердің өте қарапайымдылығы, ақкөңілділігі, сөзге шешендігі таң қалдырды. Кеште осы топтың ауылымызда өнер көрсетуіне бірден-бір себепкер болған ауылымыздың түлегі, әнші Нұрмұхан Құлымжанов ән әуелетті.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале