21.09.2016, 9:37
Оқылды: 22

Даланың дарындары анықталды

%d0%b4%d0%b0%d0%bb%d0%b0-%d0%b4%d0%b0%d1%80%d1%8b%d0%bd1     Теректі аудандық Мәдениет үйінде «Дала дарындары» байқауының аудандық кезеңі оздырылды.


Жеңімпаз болған өнерпаздар облыстық кезеңде аудан намысын қорғайтын болғандықтан, бұл додаға деген көңіл ерекше еді. Эстрадалық вокал, дәстүрлі ән, халықтық музыка, поэзия, бейнелеу өнері секілді аталымдар бойынша қатысушылар баптары мен бақтарын қатар сынамаққа бекінген болатын. Бірақ негізгі тартыс эстрадалық вокал номинациясы бойынша жүрді. Ал қалған аталымдар бойынша қатысушылар саны мүлдем аз болды деуге негіз бар.

Түрлі халықаралық, республикалық, облыстық ән байқауларының жеңімпаздары Таңат Жексенбаев және Айбек Дәулетқалиев бастаған, аудандық мәдени-демалыс орталығының әдіскері Айгүл Қайрова қостаған  қазылар алқасы әділдік танытып, облысқа ең мықты деген талант иесін жіберуді көздеді. Нәтижесінде, эстрадалық вокал аталымы бойынша Федоров ауылынан қатысқан Гүлназ Құсайынова және аңқатылық Ерхат Жақашев үздік деп танылып, облыстық кезеңге жолдама алды. Ал халықтық музыка аталымында Лида Нигмаш сөзсіз жеңімпаз деп табылды. Қатысушылар мен жеңімпаздарға арнайы дипломдар және бағалы сыйлықтар табысталды.

Жүзден жүйрік болған даланың дарындарына облыстық додада сәттілік серік болсын дейміз!

 

Әділет ЗЕРЕ

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале