18.08.2016, 15:12
Оқылды: 13

Дала өрті құрықталды

fireIntheFieldЕрікті өрт сөндіру жасақтарының дайындығын тексерген зеленовтық төтенше жағдай бөлімінің мамандары өрт сөндіру жасақтарының шынайы жағдайдағы  шеберліктерін де сынап үлгерді. Оған себеп ауданның Железнов округі аумағында орын алған дала өрті. Шамамен түскі 13-тер шамасында тұтанған өртті сөндіруге Переметный, Железнов, Зеленый ауылдарындағы арнайы жасақтар мен «МусаАгро» шаруа қожалығының жұмысшылары қатысты. Бірнеше сағат бойы тілсіз жаумен алысқан азаматтар оны жеңе білді. Бірақ алау 200 гектар жерді жалмап кетті. Сондай-ақ кеше аудан аумағында тағы бір өрт фактісі тіркелді. Самара-Орал тас жолы бойында тіркелген өрт те құрықталды.

Төтеншеліктердің өртпен алысы азайғандай болған еді. Кеше орын алған екі өрт жұмыстарына жұмыс қосқандай.

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале