13.10.2016, 12:21
Оқылды: 14

Денсаулық сақтау саласындағы жаңа бетбұрыс

%d1%81%d0%b0%d1%80%d0%b0%d0%bb%d0%b6%d1%8b%d0%bd-%d0%b6%d0%b8%d1%8b%d0%bd1          Саралжын ауылдық округінің орталығы Қарақамыс ауылында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу турасында аудандық штаб мүшелерінің ақпараттық-түсіндіру жиыны өтті.


 

Елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мемлекеттің, жұмыс беруші мен азаматтардың денсаулық сақтау бойынша ортақ жауапкершілігін қамтамасыз етумен қатар, бірінші кезекте алғашқы медико-санитарлық көмекті, жеке медицинаны дамыту, медициналық ұйымдар арасындағы бәсекелестікті күшейтудің негізінде медициналық көмектердің сапасы мен қолжетімділігін арттырады.

Саралжын ауылдық округінің әкімі Қайыр Бисенғалидың төрағалығымен өткен жиын барысында ауыл тұрғындарына ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бақытжан Жүсіпқали мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Қаратөбе аудандық бөлімшесінің басшысы Сағима Далабаева міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізудің тиімді тұстары мен мақсаттарын, денсаулық сақтау саласындағы жаңа бетбұрыстарды баяндап өтті.

Серікбай Хасанов

www.zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале