19.07.2016, 12:25
Оқылды: 34

Теріс ағымдардың келтірер кеселі көп

Дәстүлі және теріс ағымдар 1БҚО дін мәселелерін зерттеу орталығы ақпараттық түсіндіру бөлімінің басшысы Сандуғаш Сақауова мен аталмыш орталықтың теологі, исламтанушы Бауыржан Қожагелдиевтер Бөкей ордасы ауданы әкімдігінде түрлі сала мамандарымен кездесіп, келелі әңгіме қозғады.


Басқосуды ішкі саясат бөлімінің басшысы Асқар Әжіғалиев ашып, аудандағы  діни ахуал жайын мәлімдеді. Кездесуде теолог мамандар   дәстүрлі және теріс ағымдардың аражігін ажыратып, асыл дініміз – Әбу Ханифа мәзһабы туралы кеңінен түсінік берді. Сондай-ақ, аудан имамы Назымбек Иманғалиев, ауыл ағалары Елдос Кенжеғалиев пен Болат Лұқпанов  тағылым негізі отбасынан бастау алатыны турасында ой қозғаса, жиынға қатысушылар тақырыпқа сай өздерін толғандырып жүрген сауалдарға нақты жауап алды.

www.zhaikpress.kz

Г.ТАСБОЛАТҚЫЗЫ

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале