28.10.2016, 15:24
Оқылды: 13

Егіндікөлдегі сазды кеш

 ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қаратөбе ауданының Егіндікөл ауылдық округіндегі мәдениет үйінде «Округ кітапханалары күні» жобасы аясында Егіндікөл ауылдық округі кітапханасының «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты шарасы өтті.


 Мәдени шарада алғаш сөз алған Егіндікөл ауылдық округі әкімі Абат Зейнуллин  жиналған кеш қонақтарына қош келдіңіздер айтып, ауыл тарихымен таныса отыруға шақырды.

Кеш «Тәуелсіздік мұраты – Мәңгілік ел» атты бейне көрсетіліммен бастау алды. Бейнекөрсетілімде «Алтын адам», «Астана – Бәйтерек» монументі, «Хан шатыр», Бейбітшілік пен келісім сарайы бейнесіндегі жастар көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Кеш барысында тәуелсіздікке арналған оқырмандар шеруі жалынды жырларын оқыса, Диас Қайрат «Жаса Қазақстан», «Туған жер» әндерін орындап берді.

Аталған шара соңында ауыл кітапханашысы Самал Испанова «Тәуелсіздік – теңдігім, егеменді –  елдігім» атты кітап көрмесімен таныстырып өтті.

 

                                                                                                  Райымбек Абаев

www.zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале