27.07.2016, 11:44
Оқылды: 67

Егіндікөл ауылындағы туристік лагерь

лагерьБалалардың жазғы демалысы мен бос уақыттарын тиімді өткізу үшін Қаратөбе балалар мен жасөспірімдер саяхаты және экология орталығының жанынан құрылған «Жасыл желкен» туристік демалыс лагері жұмыс жасауда. Лагерь Егіндікөл ауылының бұрынғы интернат үйі ғимаратында орналасқан.


«Жасыл желкеннің» жұмысы 10 кезеңді қамтиды. Әр кезеңге 20 оқушыдан тартылған. Қазіргі таңда 7 кезеңнің тәрбиеленушілері демалуда.

Лагерьде тәрбиеленушілерге түрлі танымдық шаралар өткізу жоспарланған. Туризм күнінде спорттық ойындар, өлкетану күнінде Аққұмға жорық және далалық түнек, экология күнінде «Егіндібұлақ» бұлағына саяхат, балшық пен саздан мүсіндеу сайыстары, ауыл мектебіндегі мұражайға саяхат жасау жұмыстары жоспарлы түрде өткізілуде.

Демалушы өрендер 5 мезгіл тамақтандырылады. Оқушыларды тасымалдау орталықтың аутокөлігімен жүзеге асырылуда.

Лагерь жұмысы 15 тамызға дейін жалғаспақ.

Серікбай ХАСАНОВ
Қаратөбе ауданы
www.zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале