9.08.2016, 11:52
Оқылды: 47

Егін жинау қыза түсті

       егінЗеленов ауданы шаруалары дәнді дақылдарды жинау ісіне кірісті. Алдымен күздік дәнді дақылдарды жинаудан басталатын диқан шаруасы қызған шақ қазір. Бүгінгі таңда күздік бидай мен қара бидай толығымен жиналды. Атап айтар болсақ, 27169,8 гектар жерге егілген күздік бидайдан 93753,9 тонна өнім алынса, 4399,2 гектар жерге егілген қара бидай 7754,7 тонна өнім берген. Қазір  жаздық дәнді дақылдарды жинауға кіріскен шаруалар 75880.7 гектар жердегі жаздық бидайдың 3500 гектарын шауып үлгерген. Бұл барлық жұмыстың 4,6 пайызы ғана орындалғанын білдіреді. Жаздық бидай гектарынан 12.8 центнер өнім беріп жатыр. Бұдан бөлек 16020,3 гектарға егілген арпаның 2157 гектары шабылып, бастырылған. Өнімділігі гектарынан 12 центнер. Әзірге 1338 гектарға егілген тары, 100 гектардағы ноқат пен 20 гектар жерге егілген қарақұмықты жинау ісі бастала қоймады. Есесіне, 80 гектарға егілген сұлының 60 гектарын жинап үлгерген шаруалар гектарынан 12 центнерден өнім алған. Қазіргі таңда сұлының 72 тоннасы қамбаға жеткізіліпті.

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале