14.07.2016, 10:12
Оқылды: 43

Екі аудан делегациясы дөңгелек үстелде бас қосты

ауданМегажобаның негізі бөлігі аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қаратөбе ауданының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен «Қазақстанның таңдауы – бейбітшілік пен келісім» атты дөңгелек үстелде жалғасын тапты. Оған үкіметтік емес ұйымдар жетекшілері, ардагерлер кеңесі мен жастар қоғамдық бірлестігінің мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.


Басқосуда сөз алған аудан әкімі Асхат Берлешұлы:

- 1 наурызда Ел Президентінің «Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы» Жарлығымен елдегі қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған болатын. 21 жыл ішінде Ассамблея этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық моделінің негізгі құраушы бөлігіне айналды.

2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы болғаны бәрімізге  белгілі. Биылғы жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында игі шаралар іске асуда.

Соның бірі Елбасының қолдауымен басталған «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мегажобасы жүзеге асып, бұл шара еліміздің түкпір-түпкірінде кең көлемде аталып өтілуде.

Батыс Қазақстан облысынан бастауын алған эстафета бүгін Қаратөбе ауданына да жетіп отыр.

Халықтар достығы мен ұлтаралық келісім – еліміздегі саяси тұрақтылықтың кепілі. Осы басты құндылығымыздың арқасында қазір Қазақстанды мекен еткен 130-дан астам ұлт ауызбіршілікте өмір сүріп, дәстүрлерін жаңғыртып келеді. Мегажобаның негізгі мақсаты мен міндеті болып, ұлттар мен ұлыстар арасында этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту, достық қарым-қатынасты арттыру, патриоттыққа, елжандылыққа тәрбиелеу болып табылады, - деді.

Дөңгелек үстелде Теректі ауданының әкімі Мұрат Мұкаев, Қаратөбе аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Орынғали Ермеккалиев, БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, қаратөбелік Ирина Классен, теректіліктер Сәлім Кукашев, Гүлнұр Әйтімовалар сөз сөйлеп, екі аудан арасындағы халықтар достығы мен ынтымағына баса назар аударды.

  • Елбасының сындарлы саясаты негізінде облысымыздан бастау алған мегажоба аясында Асхат Шахаров бастаған Қаратөбе ауданы активіне зор алғысымды білдіремін.

Облыс орталығына жақын Теректі ауданы 4 ауданмен шектеседі. Халық саны 40 мыңға жуық ауданда 52 елді мекен бар. Ауданда 29 ұлт өкілі бір-бірімен тату-тәтті күн кешуде.

Теректі ауданынан Марабай жырау, Х.Есенжанов, Әбубәкір Кердері, А.Бақтыгереева сынды айтулы тұлғалар түлеп ұшқандығы – біз үшін үлкен мақтаныш.

Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық деңгейі үлкен өнер кәсіп пен ауыл шаруашылығына бейімделген.

Аудан бойынша көптеген инвестициялық жобалар жоспарланып отыр. Оның ішінде, индустриялды парк құру, 7 гектарды құрайтын заманауи жылыжай салу жобалары жоспарда бар, - деді Теректі ауданының әкімі Мұрат Мұқаев.

Дөңгелек үстел жұмысын БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов қорытыңдылады.

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале