19.07.2016, 11:46
Оқылды: 38

Екі аудан жастары бас қосты

Екі аудан жастары бас қосты1«Бейбітшілік пен келісім» мегажобасы аясында Тасқала ауданына сапар шеккен аудан делегациясы құрамында болған Қаратөбе аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының мамандары әріптестерімен өзара іс-тәжірибе алмасты.

«Азалы ана» ескерткіш кешеніне гүл шоғын қоюдан бастау алған шара жастар белсенділері арасындағы дөңгелек үстелмен жалғасын тапты.

Жиын барысында Тасқала аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Ақылбек Қодаров атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады.

Шарада сөз алған Қаратөбе аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Нұрхат Оңалбайұлы ақ дәм ұсынып қарсы алған әріптестеріне ризашылығын білдірді.

Екі аудан жастары бас қостыАудан жастары Тасқала аудандық шығармашылық үйінің жұмыстарымен танысып, балалардың қолдарынан шыққан қолөнер бұйымдарын тамашалады. Сонымен қатар «Шұғыла» жазғы лагерінің жағажайында екі аудан арасында волейболдан, кіші футболдан достық қарым-қатынасты нығайту бағытында жолдастық кездесу өтті.

Қаратөбе аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Н.Оңалбайұлы Тасқала ауданының белсенді жастарына Қаратөбе ауданы әкімінің алғыс хаты мен естелік сыйлығын табыстады.

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе-Тасқала-Қаратөбе

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале