12.10.2016, 14:41
Оқылды: 23

«Ел болып киікті сақтайық!»

%d0%ba%d0%b8%d1%96%d0%baРеспубликалық «Охотзоопром ӨБ» РМҚК-нің ғылыми қызметкері Бахтияр Тәшенов әріптестерімен бірге келіп, ауданның 4 мектебінің (М.Мәметова, М-С.Бабажанов, Қ.Сағырбаев, Б,Жаникешев) оқушыларымен «Ел болып киікті сақтайық!» атты кездесу өткізіп, табиғатты қорғау жөнінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Ол саны күрт кеміп, жойылудың алдында тұрған қарақұйрық, тоғай бұғысы, арқар және ақбөкен туралы әңгімелеп, қаскесерлердің (браконьер) кесірінен аталмыш жануарлар зардап шегуде екендігін айтты.

Шара соңында қонақтар оқушылармен суретке түсіп, мектептерге плакаттар, аталмыш ұран жазылған төсбелгілер, футболка және бас киімдер таратылды.

Назгүл Тілепова

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале