20.09.2016, 15:23
Оқылды: 20

Ел есіндегі абзал жан

dsc_0051dsc_0078Еңбек жолы дүйім жұртқа өнегелі жандардың бірі Жолдасбай Мұшағалиев(1926-1993) 1942 жылы, яғни 16 жасында Ақжайық ауданындағы «Родник Новый» ұжымшарында есепші болып, басқа да сан-салалы іске арааласып, Ұлы Жеңіске үлес қосты, 1945 жылдан Оңтүстік Орал әскери округінде азаматтық борышын өтейді. Кейін Чуйков атындағы ұжымшарда экономист, партком хатшысы, аудандық халықтық бақылау комитетінің төрағасы, одан кейін аудандық агроөнеркәсіп бірлестігінің аға ревизоры секілді жауапты қызметтерді атқарып, ел мүддесіне деген терең көзқарасымен халықтың қошеметіне бөленді. Жолдасбай Сүйешұлы бүгінде арамызда болса-90 жасқа толар еді. Әкенің осы күнімен орайлас ұл-қыздары Чапаевтағы ол тұрған үйге ескерткіш тақта орнатты.

Ескерткіш тақта орнату салтанатында жылдар жүзінде Ж.Мұшағалиевтың ақыл-кеңесімен өмірге жолдама алған шәкірттері, еңбек ардагерлері көптеген медаль, Құрмет грамоталарының,«Қызыл Ту», «Құрмет Белгісі» ордендердің иесі болып табылатын бұл асыл жанның еңбеңқорлығы, талайға жасаған қайырымдылығы жайында әңгімелеп, жастарды осындай ардагерлердің қасиеттерінен өнеге алуға шақырды.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале