9.09.2016, 13:01
Оқылды: 55

«Ене мен келін арасындағы қарым-қатынас»

img_7083Осындай тақырыпта «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы ғимаратында дөңгелек үстел оздырылып, оған ақжаулықты әжелер мен жас келіндер, бойжеткен қыздар қатысты. Басқосу барысында Самиға Қайырова мен Үміт Ибраева сынды ақжаулықтылар қазіргі қоғамдағы ене мен келін арасындағы қарым-қатынас жайлы тәлімді сөз қозғады. Олардың айтуынша, жас келіндердің көтерер жүгі қашан да ауыр. Бір әулеттің түтінін түзу түтетіп, шаңырағын биіктете түсу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Отбасындағы әже, аналардан тәлімді тәрбие алған қыз бала барған жеріне «тастай батып, судай сіңіп», ауыл-аймаққа қадірлі болады.

-Жас келіннің жаңа ортаға үйренісуі, көп жағдайда сол отбасының мүшелеріне байланысты. Келгеннен-ақ құшақ жая қарсы алып, оң қабақ танытып, білместігіне кешіріммен қарайтын болса, ол келіннің әулетке сіңісіп кетуіне септігін тигізеді. Ене мен келін арасы бір-біріне құрметпен өрілуі тиіс. Келінді  қызындай көріп, енесін анасындай сыйлайтын қарым-қатынас ғасырлар бойы жалғасып, шаңырақтың шайқалмауына негіз болып келе жатыр, - деді дөңгелек үстелге қатысушы әжелер. Жас келіндер тарапынан сөз алушылар да тақырып аясында өз пікірлерін ортаға салды.

Д.Зеннат

Жәнібек ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале