11.08.2016, 11:45
Оқылды: 22

Еншілерінде – жүлделі орындар

қолкүресТамыздың 5-і мен 8-і аралығында Орал қаласында қол күресінен жасөспірім ұлдар мен қыздар, ерлер мен әйелдер арасында аймақаралық жарыс өтіп, оған батыс өңірлердің, Жаңаөзен, Орал қалаларының, сондай-ақ Ақжайық, Бөрлі, Жаңақала, Жәнібек және Қаратөбе аудандарының командалары қатысты.медаль

Жекелей сында жасөспірімдер тартысында намысты қолдан бермеген қамыстылық Аян Идаев 35 келі салмақ дәрежесінде бірінші, осы салмақта Диана Жаналиева (Қамысты ауылы) екінші және ерлер бәсекесінде +80 келі салмақ дәрежесінде Серік Самодиянов (Жәнібек) үшінші орынға ие болып  жарыстың дипломымен, медалімен және бағалы сыйлығымен марапатталды.

 Асқар Құсайынов

                                                                                                       Жәнібек ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале