22.11.2016, 12:49
Оқылды: 43

Ереже бұзбаған жүргізушіге алғыс жарияланды

%d0%b3%d0%b0%d0%b81Жыл сайын дүние жүзінде 1 миллионнан астам адам жол-көлік апаты салдарынан көз жұмып, тағы милионнан астамы  мүгедектікке алып келетін әр түрлі деңгейдегі дене жарақаттарын алып жатқаны белгілі. Қазақстанда жыл сайын 3000-нан астам адам қаза тауып, тағы 17 мыңға жуығы – жарақат алады екен. Оның ішінде жастардың және кәмелет жасына жетпеген бүлдіршіндердің қаза табуы мен жарақат алуы жиі орын алады. Осыған орай, 2005 жылдың 26 қазанында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының бастамасымен  қарашаның үшінші жексенбісі жол-көлік оқиғасының құрбандарын Дүниежүзілік еске алу күні болып бекітілді.


Аталмыш күннің аясында  Теректі аудандық патрульдік-бекеттік орган қызметкерлерінің ұйымдастырумен автокөліктер шеруі ұйымдастырылды. Оған ауданымыздың бірқатар көлік жүргізушілері үлес қосты. Федоров ауылының орталық көшелерін шолып өткен шеру қатысушылары барша тұрғындарды жол ережесін бұзбауға шақырды.

Осы күні автокөлік жүргізушілер арасынан 2016 жылдың «Ең үздік көлік жүргізушісі» анықталды. Үздікті аудандық ішкі істер бөлімі ғимаратында қабылдап, жеңімпазды патрульдік-бекеттік қызмет басшысы, полиция майоры Беріктас Бисенов марапаттады.

Ағымдағы жылда жол ережесін бұзбай, тәртіпті көлік жүргізуші атанған Александр Витяковқа БҚО ІІБ атынан алғыс жарияланды. Сонымен бірге, ол «Ең үздік көлік жүргізушісі» деген атақтың иегері де атанды.

 

Әділет Орынбасарұлы

Теректі ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале