5.08.2016, 18:15
Оқылды: 54

Жаңақала ауданында биыл әр жүз аналықтан 72 құлын, 41 бота алынды

Жаңақала ауданы бірінші жартыжылдықты қорытындылап, көрсеткіштері өткен 2015 жылмен салыстырғанда төмендегідей болды. Биылғы алты ай ішінде аудан бойынша 49154 центнер ет, 42538 центнер сүт, 1583 центнер жүн, 154,0 мың дана жұмыртқа өндірілді. Ет өндіру салыстырмалы түрде алғанда 101,4 пайызға, сүт 96,6 пайызға, жүн 98 пайызға, жұмыртқа 108,4 пайызға орындалып отыр.

Биыл әр жүз аналықтан 73 бұзау, 88 қозы, 90 лақ, 72 құлын, 41 бота алынды.

Күні бүгін 51485 бас мүйізді ірі қара, 165506 бас қой, 43612 бас ешкі, 19783 бас жылқы, 939 бас түйе, 3978 бас құс есепке алынып отыр. Сиырдың сақталуы 100,3 пайызды, қой 95,5 пайызды, ешкі 97,3 пайызды, жылқы 111,1 пайызды, түйе 98 пайызды, құс 66,4 пайызды құрайды.

Аналық мал санының көбеюі, аталық малдардың асылдандырылуы мол төл алуға негіз  болуы тиіс-ті. Керісінше, олай болмай отыр.

Мысалға, мүйізді ірі қараның аналық саны 1680 басқа көбейген, бірақ сиыр саны өткен жылғы деңгейде қалып отыр.

Сол сияқты, жылқы саны жақсы өссе де, қой мен ешкінің, түйе малдары санының кеміп кетуі мал санағының дұрыс жүргеніне күдік туғызады. Сондықтан мал басын қайта түгендеп, кему себептерін анықтау қажет.

Мал есебіне салғырт қарап, статистиканың тиісті орындарына дәйексіз деректер ұсынған шаруашылықтарға ҚР Кодексінің 497-бабында көзделген әкімшілік шара қолданылатынын қаперге бергім келеді.

Бұл жөнінде Жаңақала ауданы әкімінің 2016 жылғы 25 шілде күнгі №86-ө санды «Аудан аумағындағы мал басын түгендеуге арналған комиссия құру туралы» өкімі шықты. Жұмыс нәтижесімен хаттама толтырылады.

Аудан бойынша мал шығыны өткен жылға қарағанда қой, жылқы малында көбейіп отыр. Қой шығыны өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда «Бірлік асылтұқымды мал зауыты» ЖШС-де 66 басқа, «Айдархан» ЖШС-де 21 басқа, «Сүндетқалиев» шаруа қожалығында 162 басқа көбейген.

Жылқы шығыны тағы да өткен жылғыдан «Бірлік асылтұқымды мал зауытында» 10 басқа, «Айдархан» ЖШС-нде 1 басқа, «Серғазиев.И.С» шаруа қожалығында 13 басқа, «Сүндетқалиев» шаруа қожалығында 1 басқа көбейіпті.

Мал шығыны 400-ден астам шаруа қожалықтары мен жеке аулаларда көрсетілмеген. Мұның өзін ветеринариялық талаптың босаңдығы, ауырып өлген малға акт жасалмауы өлген малдың қандай аурудан өлгенін жасыру деп есептеуге болады.
Қысқасы, мал басы кеміген, оның себебі, ит-құс жегені, не індеттен өлгені анықталмаған, нақты есеп жоқ.ZH-350x350

Тағы бір себебі - соямыз, сатамыз деген сылтаумен көптеген шаруашылықтар мен жеке тұрғындар төл есебін толық бермегендігінен болуы ықтимал.

Сол сияқты, субсидия алу үшін аналық мал басын еселеп көбейтіп беріп, есепті бұрмалаған шаруа қожалықтары басшылары мен ветеринария қызметкерлері заң алдында жауап беретіндіктерін де ұмытпаған жөн.

Болашақта етке тапсырылған, сатылған, өлген малдар ветеринариялық дәрігер құжаттарымен расталып, мал есебін жүргізіп отыратын «Ауылшаруашылық жануарларды бірдейлендіру» бағасына мал саны өзгерісі уақытылы енгізіп отыруы қажет.

Бұл жолы мал шаруашылығы саласындағы кемшілікке көбірек тоқталдық. Ал қалған салаларды әңгімелесек, өнеркәсіп өнімінің көлемі 2015 жылы 90 млн. теңге болса, биыл 109,6 млн. болып, 115 пайызға орындалды.

Тұрғын үйлерді іске қосу 2015 жылы 2805 шаршы метр болса, 2016 жылы алты айда 3028 шаршы метрге жетіп, 107,7 пайызға іске асты.

Аудан бойынша орташа айлық жалақы мөлшері 2015 жылы 56871 теңге болса, 2016 жылы 69070 теңге болып, 19,8 пайызға өсті.

Жұмыспен қамту орындарына жұмыс іздеп келген адамдар 372-ден 505-ке жетіп, 35,8 пайызға көбейген. Жұмысқа орналасқан адамдар саны 248 болып, 99,3 пайызға орындалған. Қоғамдық жұмысқа 2015 жылы 308 адам жіберілсе, 2016 жылы 390 адам жіберіліп, орындалуы 126,6 пайыз болды.

Ауданның жалпы халық саны 24311 болып, 0,4 пайызға өскен. Оның ішінде туған балалар саны 181-ге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 111,7 пайызға орындалған. Табиғи өсім 114-тен 126-ға жеткен.

Бөлшек сауда айналымы 2015 жылы 1230,4 млн. теңге болса, 2016 жылы  1808,2 млн. теңгеге жетіп, 122,2 пайызға орындалып отыр.

Тіркелген қылмыс саны өткен жылы 108 болса, биыл 95 болып отыр.

Міне, ауданның бірінші жартыжылдықтағы негізгі әлеуметтік-экономикалық даму барысы осындай.

Қайырғали Жаймов,

 статистика басқармасының басшысы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале