16.08.2016, 15:31
Оқылды: 18

«ЕХРО-2017» волонтерлары Зеленовта

         Елімізде әлем назарын өзіне аударар «EXPO-2017» халықаралық көрмесі өтеді. expoZelenovЕл имиджін қалыптастырар атаулы көрменің не мақсатта өткізілетіні мен елімізге берер пайдасын түсіндіру мақсатында Зеленов ауданы орталығына арнайы волонтерлар келді. Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты басқармасынан келген Әйгерім Талапова, Альмира Шонаева мен Дина Қапезова аудан орталығындағы «Нұр Отан» партиясы ғимаратында аудан тұрғындарымен, жастармен және бөлім мекеме қызметкерлерімен кездесіп, «ЕХРО» көрмесінің тарихымен таныстырып, оның әлемге не бергендігін айтып, Астана қаласында тұрғызылып жатырған көрме ғимараттары туралы толық мағлұмат берді. Жиын барысында әр азамат өздерінің пікірлерін білдіріп, толғандырған сұрақтарын қойды. Зеленовтық тұрғындармен тілдескен белсенді жастар одан әрі Тасқала ауданына жол тартты.

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале