31.10.2016, 11:23
Оқылды: 28

Еңбегің – өшпес ізің

25-%d0%b8%d0%b3-%d0%b8%d1%811Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай басталған «25 игі іс» атты қайырымдылық іс-шаралары акциясы аясында Бөрлі аудандық Достық үйінің  ұйымдастыруымен «Барлық құрмет-Үлкендерге» атты дөңгелек үстел өтті.


Қайырымдылық айлығындааға ұрпаққа шынайы ризашылық білдіріп және ардагерлерге қамқорлық көрсету,үлкенді сыйлау мақсатында өткен шараны құттықтау сөзіменаудандық  демалу орталығының директоры Абдул Рахметов ашты. Ауданымыздың өсіп - өркендеуіне,еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан, кезінде халық қалаулысы болған, ауыл шаруашылығы саласының үздіктері Қайнарбай Қайырмуқанов , Жолдығали Даулетьяров, кәзіргі таңда зейнеткерлік  демалысынашықсада медицина саласында еңбектеніп  жүрген Валентин Юн,алғашқы аудандық балалар саз мектебінің директоры Анатолий Бондарь сынды танымал еңбек ардагерлерімен кездесу кешіне Ақсай қаласының  инженерлік экономикалық колледжінің студенттері қатысты. Өз кезегінде қонақтарсалиқалы әңгімелерін айтып,қызмет еткен жылдарын жылы лебізбен еске алып, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Жиын соңында студенттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, толымды жауаптар алды.Кездесу барысында Достық үйінің директоры Мирас Бақтығұлов ел үшін елеулі еңбек еткен ардагерлерге естелік сыйлықтар табыс етілді.Қызықты да мағыналы кездесу соңында «Біз көрген қиындықтарды бүгінгі ұрпақ көрмесін. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арнап қолға алынған «25 игі іс» ізгілікпен жалғаса берсін, Елбасымыз бен еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, бейбіт өмірдің қадір-қасиетін біліп, сақтай біліңіздер!»- деп Тілекқали Серікқабұлов  ақ батасын берді.

 

Зумрад Менешева

www.zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале