6.09.2016, 12:52
Оқылды: 18

Еңбекпен ғана жеміс өнбек

DSC_1117Елбасымыз «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» халыққа жария еткен бағдарламасында баршамызды ел игілігі жолындағы еңбекке шақырған болатын.


Жаздың аптап ыстығына, күздің қара суық желіне, қыстың қаһарлы аязына төтеп беріп, қандай да болмасын іске қасқая қарайтын, тынымсыз еңбектің қазанында қайнайтын өте шаруақор адам болады. Осындай жанның бірі - Рахметолла Баймұқашев. Ол кісі Январцев ауылынан 30 шақырым жерде орналасқан «Алтын бидай» шаруа қожалығында агроном болып қызметін атқарады.

- Еңбекке ерте кезден араластым. Жалқаулыққа жаным қас. Қара жұмыспен айналыссаң, денсаулығын да бірқалыпты. Әрі құр сенделмей уақытты да тиімді өткізуіңе болады. Қазіргі уақытта  «жұмыс жоқ» деп қол қусырып отыра беруге болмайды. Егер адам баласы ерінбесе, жұмыстың көзін тауып, талай шаруаның басын қайыруға әбден болады емес пе? Тек жалқаулыққа салынып, ананы-мынаны сылтаурататын жаман әдетіміз бар. Осы «ауруды» тастасақ, көптеген жастарымыз екі қолын қалтаға салып жүрмес еді, -дейді кейіпкеріміз.

Сүйікіті ісінің қыр-сырымен таныстарған Рахметолла ағай, расында да

өз биігін өзінің қарымды қабілеті мен зор еңбектің арқасында бағындырып отырған жан.

Айшабибі Мәмет

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале