16.11.2016, 18:51
Оқылды: 22

Еңбек бақытына бөленген жан

%d1%82%d1%8b%d0%bd%d1%8b%d0%b1%d0%b0%d0%b9-%d1%88%d1%83%d0%b3%d0%b0%d0%b9%d1%83%d0%bb%d1%8b Қаратөбе аудандық ветеринариялық станциясында  ұзақ жылдар елеулі еңбек еткен кәсіби іскер маман Тыныбай Шұғайұлын 16 қарашадағы туған күні 63 зейнеткерлік жасқа толуына байланысты зейнеткерлікке шығарып салу салтанатты жиыны оздырылды.

Салтанатты жиында мекеме басшысы Марат Сенғалиев, аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Кенжебек Аймашев сала ардагері Тыныбай Шұғайұлын зейнеткерлік жасымен құттықтап, иығына шапан жауып, алғыс хаттарымен бірге  қос ұжым атынан сыйлықтарын  табыстады.

Саналы ғұмырын ауданның ауылшаруашылығын өркендетуге арнаған Тыныбай Шұғайұлы ұзақ жылдарғы қызметін елеп, құрмет көрсетуші қос мекеменің басшылары М. Сенғалиев пен К. Аймашевке және ұжымдағы әріптестеріне өз ризашылығын білдірді.

                                                                   Ерболат Райсов

                                      www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале