28.09.2016, 15:20
Оқылды: 27

«Еңбек - әлемнің әміршісі» атты форум өтті

Елбасымыз 2013 жылдың 22 қарашасында арнайы жарлыққа қол қойып, «Еңбек күні» мерекесін жариялаған болатын. Осы атаулы мерекеге орай Зеленов ауданы орталығында «Еңбек – әлемнің әміршісі» атты форум ұйымдастырылды.


Оған аудан әкімі Кәрім Жақыпов, аудандық мәслихат хатшысы Рамазан Исмағұлов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұржан Дүзбатыров, аудан әкімінің орынбасары Ринат Шәуенов, аудандық прокуратура, ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарының басшылары, ауылдық округ әкімдері, бөлім мекеме басшылары, қоғамдық ұйымдар, еңбек ардагерлері, кәсіпкерлер мен аудан жастары қатысты.

Форум басында:

-Баршаңызды шынайы табыс пен орасаң зор еңбек шыңына жетелер мейрам Еңбек күнімен құттықтаймын. Дана халқымыз «Еңбек түбі береке» деп тегін айтпаса керек. Тәуелсіздік туы көгінде желбіреген егеменді елдің өркендеуіне кешегі аға буын өкілдері салып кеткен еңбектің сара жолы сүбелі үлесін қосып отырса, еңбек адамының бәсі биік екендігінің тағы да бір дәлелі. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғырылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласы Қазақстанның тиімді және әлеуметтік даму жолында екендігінің нақты белгісі болып табылады. Осы орайда Ел көлемінде «Еңбек күні» мерекесі белгіленді. Биыл біз ол мерекені үшінші мәрте атап отырмыз. Бұл мерекенің негізгі мақсаты жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын құру туралы идеяларының шеңберінде өнімді еңбекті ынталандыру, жастар арасында жұмысшы мамандықтарды насихаттау мен жұмысшы әлеуеттерінің көпжылдық дәстүрлерін нығайту болып табылады. Баршаңызды осы бір айтулы мерекемен құттықтай келе, еңбектеріңіз еселеніп, жұмыстарыңыз табысты болсын! Тәуелсіз еліміздің жақсылықтарын бірге көрейік дегім келеді,- деген құттықтауын жеткізген Кәрім Каримоллаұлы мәңгілік елдің гүлденіп даму жолында табанды да адал еңбек етіп келе жатырған ауданның өркендеуіне өз үлестерін қосып жүрген азаматтар мен азаматшаларды марапаттады.

Аудан әкімінің алғыс хатын алғандар арасында ұстаз да дәрігер де медбике мен шаруа, мемлекеттік қызметте жүргендер де болды. Одан соң үстіміздегі жылдың тамыз айында Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Еңбек жолы» атты байқауда  «Өндіріс саласының үздік жас маманы», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері», «Үздік еңбек денастиясы» сияқты аталымдарда озып шыққан жандарға да алғыс хаттар табыс етілді.

Еңбек етуші адамға құрмет көрсетілген форумда аудандық мемлекеттік мекемелер кәсіподағы ұйымының төрағасы Жігер Менешев, еңбек ардагері Виктор Железнов және 2014 жылы Астана қаласында өткен алғашқы Республикалық «Еңбек» форумының қатысушысы, Переметный ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы, еңбек ардагері Қадырбай Абдушев сияқты азаматтар сөз алып, барша жиналғандарға ақ тілектерін жеткізді. Шара соңы аудан көркемөнерпаздарының концертіне ұласты.

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале