15.08.2016, 9:48
Оқылды: 44

Еңсеп турнирі мәреге жетті

AshatJenimpaz Қаратөбе топырағында даңқты палуан Еңсеп Досқалиевтің жүлдесі үшін қазақ күресінен екінші республикалық турнир мәреге жетті.


 

Өткен жылы Қаратөбе аудан әкімі Асхат Шахаровтың қолдауымен Еңсеп бабамыздың турнирі алғаш рет республикалық деңгейде ұйымдастырылып, баба рухы ұлықталғаны баршаға мәлім.

Биыл екінші мәрте өткізілген республикалық турнирге еліміздің Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облысы, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарынан және Орал  қаласынан, сондай-ақ облысымыздың бірнеше ауданынан барлығы 90-ға жуық палуан қатысты.

Жарыстың алғашқы күні мандаттық комиссия отырысы оздырылып, палуандардың салмақ дәрежелерін өлшеу рәсімі жүргізілді.

Ел абыройын асқақтатқан даңқты жерлесіміз Е.Досқалиевті еске алуға арналған турнирдің ашылу салтанатында сөз сөйлеген Қаратөбе ауданының әкімі Асхат Шахаров, Е.Досқалиевтің немересі Айдар Досқалиев, жарыстың бас төрешісі Ибат Еришев ұлттық спорт қазақ күресінің дами беруіне тілектестіктерін жеткізіп, жарыс жолына шыққан палуандарға сәттілік тіледі.

Дүбірлі додада палуандар 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100, +100 келі және абсолюттік салмақ дәрежесі бойынша белдесулер өткізіп, жарыс көрігін қыздырды.

Абсолюттік салмақ дәрежесіне белдесуге шығып шымкенттік қарсыласы Әділжан Ыстыбаевты 3 минутта таза жеңіспен жеңген қызылордалық Айбек Серікбаев турнирдің «түйе палуаны» атанып бас жүлдеге тігілген 250 мың теңгені иемденді.  «Түйе палуандыққа» талас барысында Бөрлі ауданынан келген Темірлан Көлібай жүлделі ІІІ орынға табан тіреді.

Салмақ дәрежелері бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Айбек Серікбаев

турнир жеңімпазы:jenimpasdar

           - Айтулы додаға қатысу үшін Қызылорда облысынан келдім. +100 салмақ дәрежесі бойынша боз кілемге шығып, қарсыластарымды жеңдім. Палуандар жарысқа тыңғылықты дайындықпен келген. Оларды жеңу оңайға соқпады. Турнир жоғары дәрежеде ұйымдастырылған. Соңғы белдесуде қазақ күресінен әлем чемпионы, шымкенттік палуан Әджан Ыстыбаевты ұтып, жеңіс тұғырана көтерілгеніме қуаныштымын. Еңсеп бабамыздың турнирі дәстүрлі түрде өткізіліп тұрса деген тілегім бар.

Серікбай Хасанов

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале