26.10.2016, 10:48
Оқылды: 37

Жадыратты жайдарман әзілдері

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай Зеленов аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық оралық пен «Жастық-Молодость» жастар қоғамдық бірлестігі аудан орталығында жайдарман чемпионатын ұйымдастырды. Жастар арасында сұранысқа ие әзілкештер мен тапқырлар сайысында ауданның түкпір-түкпірінен келген 9 команда қатысты. Мәдениет үйінің залын лық толтыра жиналған көрермендер де командаларға қызу қолдау көрсетті.

Көшімдік жігіттердің аудан орталығы атын Шаңырақ етіп өзгеру керектігін тамаша жеткізді. Көрерменді күлкіге қарық қылған әзілкештер сайысының соңында Аудан әкімінің орынбасары Асылұлан Досжанов; -Жайдарман ойындары жастардың тұлға ретінде қалыптасуына зор ықпал етеді. Сондықтан ел ертеңінің бұл ойынға деген құлшынысын ескеріп, болашақта оның одан әрі қарай дами түсуіне қолымыздан келгенше көмек көрсететін боламыз, - деп  қатысушылар ризашылығын білдірді. Бұдан бөлек сахна төріне көтерілген әділқазылар командалардың жіберген кішкене қателеріне ескертулерін жасап, болашақта қайталамау керек екендіктерін айтты.

Тамаша өткен сайыстар қорытындысына келер болсақ, қатысқан барлық командаларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Макаров командасы «Үздік әзілі» үшін деген мақтау қағазымен марапатталса, «Үздік ойыншы» аталымын «Дежавю» командасының капитаны Асланбек Қуанышев жеңіп алып, «Көрермен көзайымы» атылымын мичуриндік команда еншіледі.

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале