6.10.2016, 10:59
Оқылды: 36

Жалғызілікті аналардың еңбегі құрметке лайық

dsc_0764 Аудандық мәдени-демалыс орталығында Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында және қайырымдылық айлығы аясында «Біз аналарды қолдаймыз!» атты кездесу кеші оздырылды.


 Кездесу барысында сөз сөйлеген аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бақытжан Жүсіпқали, аудандық зейнетақы төлеу орталығының директоры Сағима Далабаева, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Нұржамал Берниязовалар тағдыр тауқыметін көріп, қиындықтарға қарсы тұрып, жанұясының ұйытқысы бола білген жалғызілікті аналардың еңбегі қандай құрметке болса да лайық екенін атап өтті.

Кезегінде сөз алған жалғызілікті аналар кездесуге шақырған ұйымдастырушыларға зор ризашылықтарын жеткізді.

Шара соңында шараны ұйымдастырған «Қаратөбе әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ажар Берікқалиева шақыруды қабыл алып, кездесуге келген аналарға алғыс білдіріп, сыйлықтар ұсынды.

 

Серікбай Хасанов

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале